Мектепке қабылдау

2024-2025 оқу жылына
1-сыныпқа оқушыларды қабылдау

1 сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесінде қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі :
✅Ата –аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅”Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅3х4 көлеміндегі 2 фото;
❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

 

Жылдың басында:

“Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік қызмет стандарты: 

  1. Ата-анасының өтініші (стандарттың 1 қосымшасына сәйкес)
  2. Жеке куәлік (жеке тұлғаны нақталылау үшін), туу туралы куәлігінің көшірмесі (2008 жылға дейін туылса);
  3. 3х4 көлеміндегі фото сурет – 2 дана;
  4. Денсаулық куәлігі (063/у формасы)

Жылдың ортасында:

  1. Ата-анасының өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан)
  2. Жеке куәлік (жеке тұлғаны нақталыау үшін), туу туралы куәлігінің көшірмесі (2008 жылға дейін туылса);
  3. 3х4 көлеміндегі фото сурет – 2 дана;
  4. Денсаулық куәлігі (063/у формасы),
  5. Табельдері (1-11 сынып)

(Құжаттар 1-ші қабатта қабылданады)

Ескерту: тізілген құжаттардың бәрі болуы тиіс
Мектеп әкімшілігі