Құттықтаймыз!!!

25 сәуір 2024 жылы М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің волейбол командасы Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен қала мектептерінің оқушылары арасындағы “NIS CUP” волейбол жарысында І орын иеленуімен құттықтаймыз!!! “Үздік команда” дайындағаны үшін команда жетекшісі Курпебаев Жасулан Кенжебекович марапатталды. Волейбол жарысында “Үздік ойыншысы” болып 11 “Ә” сынып оқушысы Жапанов Даниял марапатталды. […]

Read More

«Қазіргі заманауи теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту процесінің тұтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепалды сыныптарының қалалық семинары өтті.

23 сәуір 2024жылы «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі» КММ –де  «Қазіргі заманауи теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту процесінің тұтастығын  қамтамасыз ету» тақырыбында мектепалды сыныптарының қалалық семинары өтті.  Мақсаты: Заман талабына сай мектеп жасына дейінгі балалардың бойына ұлттық ерекшеліктерді сіңіре отырып, іскерлік дағдылары арқылы үйлесімді ұштастыру.  […]

Read More

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті.

«Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды. 
Жасампаздық, жаңашылдық, білімпаздық және ғылымға құштарлық – нағыз озық елге керек басты қасиеттер. Мен Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында осы мәселеге арнайы тоқталдым. Біз тұтас қоғам болып ғылымды жан-жақты насихаттауға күш салуымыз керек. Ғылымға қызығушылықты мектептен бастап […]

Read More

2024 жылдың 11-15 наурыз аралығында тарих, география, биология, химия пәндері апталығы өтті.

ӘБ мүшелері  «жаратылыстану, география, химия, биология пәндерінің сабақтарын заман талабына сай түрлендіре өткізіп, жаңа технологиялардың элементтерін қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру» тақырыбында іс –шараларын жоспарлап өз жұмыстарын жүргізді. Сабақ арасындағы үзілістерде білім алушылармен ұлттық құндылықтарға негіздей отырып түрлі ойындар мен логикалық викториналар жүргізілді. Мектебімізде енгізіліп жатқан ұлттық құндылық жобасы апталықтың басты идеясы […]

Read More

Наурыз айының 4-7 аралығында «МИФ» апталығы өтті.

Апталық барысында  5 сыныптар арасында «Жүзден жүйрік», 10-11 сыныптар арасында «Білімділер» және 8-10 сыныптар арасында «МИФ әлемінде»  сайыстары ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шаралармен қатар, 8 «А» сыныбында «Аудан», 7 «А» сыныбында «Файлдармен жұмыс» тақырыптарындағы  ашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақтар барысында ұлттық құндылықты дәріптеуге байланысты тапсырмалар қолданылды.
7-наурыз күні апталықтың жабылуы өтіп,сайыстар жеңімпаздары марапатталды.

Read More