Қазақтың қасиетті қара домбырасының қоңыр үні Франция астанасы Париж қаласының төрінде күмбірледі.2023 жылдың 26 наурызы мен 2 сәуірі аралығында «Жұлдыз» домбыра студиясы Францияда әлемдік мәдениет, өнер және сән орталығы – Париж қаласында жеке концертімен болды.“FRANCE UNESCO ESPLANADE” арқасында Франция халқы халқымыздың ұлттық өнерін тамашалап, домбыра үнін ести алды. Ал біздің балалар “AIGUL FLEUR DE LUNE” […]
