Психологиялық тренинг

Мектепте мектеп психологы 8-9 сынып оқушыларымен өзара ынтымақтасты, өзіне деген сенімділікті арттыратын психологиялық тренингтер өткізді. Сабақ барысында балалар бір-бірін жақынырақ танып, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды, ересектермен дұрыс қарым-қатынас орнату бойынша пайдалы кеңестер алды.

Read More

Pisa халықаралық зерттеуінің жаңашылдығы

«PISA халықаралық зерттеуінің жаңашылдығы» атты дөңгелек үстел М.Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ қабырғасында ұйымдастырылды. Мақсаты: PISA зерттеуіне енгізіліп жатқан өзгерістермен таныстыру.Дөңгелек үстелді ұйымдастырған №20 ЖББМ-нің химия – биология бірлесітігінің педагогтері Сарсенова Ардак Конакбаевна мен Косанова Айжан Умиткалиевна. Келген – қонақтарын ұлттық нақышта қарсы алып, жылы лебізбен жоспарланған іс – шараны бастап кетті.Дөңгелек үстел барысында әдістемелік бірлестік […]

Read More

Түсіндірме жұмыстары

Полицияның оңтүстік бөлімінің қызметкерлері полиция аға лейтенанты Мухамбедияр Т.М. және полиция лейтенанты Жаканова Н.М бастауыш сынып білім алушыларына өзгенің мүлкіне қол сұқпау, қоғамдық орында өз-өзін ұстау, жалпы мектептегі тәртіп бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 

Read More

«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасы

Қазақ тілі бойынша «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі орынды қанжығасына байлаған 10-сынып оқушысы Бейсен Жансұлу мен  жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, педагог -зерттеуші Маликова Ақмаралды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

Read More

Қостанай облысы мектептерінің ұстаздары арасында өткізілген волейбол

“Озат” мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында ардақты ұстаз Василий Анатольевич Ващенконы еске алу үшін, Қостанай облысы мектептерінің ұстаздары арасында өткізілген волейбол жарысында әріптестеріміз жүлделі 2 орынды иеленді. Әріптестерімізді құттықтаймыз. Жеңістер көп болсын!!!
 
 

Read More