8-10 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы:
Оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмысқа ынталандыру, талантты және қабілетті балаларды іріктеу және қолдау көрсету мақсатында 8-10 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті. Біздің мектебіміздің оқушылары төмендегідей жетістікке қол жеткізді.
1. Қазақ әдебиеті секциясы, «Әбіш Кекілбаевтың “Үркер” романындағы ұлттық құндылық пен ұлттық сарын» тақырыбымен 2 орын 9 «А» сынып оқушысы Мұхтар Жанайым, жетекшісі Маликова Акмарал Мугайдаевна
2. Ағылшын тілі секциясы, «Киіз үйдің ерекшеліктері және оған қатысты жабдықтарының ағылшын тіліне аударылуы» тақырыбымен 2 орын 9 «А» сынып оқушысы Жапанова Дилара, жетекшісі Базылбекова Куляш Бахитжановна.
3. Өлкетану секциясы, «Қостанай облысының сирек кездесетін өсімдіктері» тақырыбымен 2 орын 10 «Ә» сынып оқушысы Мешітбай Ботакөз, жетекшілері Косанова Айжан Умиткалиевна, Алимканова Айгуль Кабденовна.
4. Математика секциясы, «Математикалық функцияларды пайдаланып Cұлу әйел бейнесін Desmos бағдарламасында бейнелеу» тақырыбымен 3 орын 10 «Ә» сынып оқушысы Кенжетай Абылайхан, жетекшісі Кайрова Алмагул Куанышевна
5. Информатика секциясы, «3D модельдеу және ұлттық құндылықтарды 3 D баспадан басып шығару» тақырыбымен 3 орын 10 «А» сынып оқушысы Мешитбай Жангүл, жетекшісі Садыкова Базаргуль Сапарбековна, Кабажаева Жулдыз Айбатовна.
6. Қоршаған орта секциясы, «Қоқыс қалдықтар мәселесін заманауи әдістер арқылы шешу жолы» тақырыбымен 3 орын 8 «А» сынып оқушысы Аяпбергенов Шерхан, жетекшісі Косанова Айжан Умиткалиевна, Бейсенова Жанат Таупкеловна.
7. Өлкетану секциясы, «Қостанай облысының көрікті жерлерін танытудағы маршруттық картаның бағыттары» тақырыбымен 3 орын 8 «Б» сынып оқушысы Жанибекова Лаура, жетекшісі Косанова Айжан Умиткалиевна, Бейсенова Жанат Таупкеловна.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 🌹🌹🌹