2024 жылдың бесінші қыркүйек күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9- 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында қазақтың біртуар перзенті Т.Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Міндеттері:
- диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту;
- тарихи тұлғаларды насихаттау арқылы саналы қоғам қалыптастыруға ықпал ету;
- мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен елдің бірлігін нығайтуға ықпалын арттыру.
Диктантты 15-17 жас аралығында 121 оқушы жазды.Ұстаздардан 10 жас маман қатысты.



