“Ұстаз -кемел тұлға”

Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.
Сол себепті мектебіміздғ мереке қарсаңында ұлағатты ұстаздардың жұмысын жеңілдету мақсатында мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқару күндері өтті. Жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнына төменгі сынып оқушыларына сабақ берді. 11 сынып оқушыларының дайындап әкелген сабақтары балаларға өте ұнады. Сонымен қатар ол күні мұғалімдерден құрылған 12 сынып та сабаққа қатысты.Көңілді басталған мерекелік күнді концерттік бағдарлама жалғастырды. Мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ән – сазды бағдарламасына зейнетке шыққан ұстаз ардагерлер шақырылды. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.Ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді. Іс – шаралар барысында мұғалім жас ұрпақты ұстаздар қауымын сыйлауға тәрбиелеп, ұстаздың шәкірттерге ең беделді үлгі болатын жан екені туралы ұлылардың нақыл сөздерімен таныстырып, сондай – ақ, оқушылар өздерінің ұстазға деген сүйіспеншілігі мен сөздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті.Кеш соңында тосын сый ретінде мектеп басшысы мен музыка пәнінің ұстазы “Ұстазым”әнін шырқап, көрермендерді қуантты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.