Мектебімізде 16 ақпан күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ «Бірыңғай облыстық жалпымектептік ата-аналар жиналысы» ұйымдастырылған болатын. Жиналыс барысында “Кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивті мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбы бойынша әңгіме қозғалды. Мектеп психологы Ғалымқазы Ә.Ғ аталған тақырып төңірегінде ата-аналарға теориялық мәліметтер беріп, практикалық жаттығулар арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға тырысты, психологиялық кепілдемелер берілді, видеороликтер көрсетілді.








