Педагогтердің назарына!

Құрметті әріптестер!
2022 жылдың 11 сәуірінен бастап педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуі басталғанын хабарлаймыз.
Тестілеуден өту ережесін бұзған жағдайда педагогке 5 жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге дейін аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейтінін естеріңізге саламыз.
Сонымен қатар, педагогтің біліктілік санаты “педагог” біліктілік санатына дейін (басшы – “білім беру ұйымының басшысы” біліктілік санатына дейін) төмендетіледі(ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығы, өзгерістер мен толықтыруларымен 12.11.2021 ж. № 561бұйрығы).

Тыйым салынады:
 аудиторияны кезекшінің рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз қалдыруға;
 бір-бірімен сөйлесуге;
 бір жерден екінші жерге көшуге;
 материалдармен алмасуға, материалдарды аудиториядан шығаруға;
 аудиторияға (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, цифрлық смарт- жабдықтар (ұялы телефон) әкелуге және пайдалануға.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.