Тақырыбы: Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарының жүргізілу жағдайын сараптау
Қаралды: директор жанындағы кеңес
Мерзімі: желтоқсан
Мақсаты: мектептегі құқықтық және сыбайлас жемқорлық фактілеріне қарсы мәдениет қалыптастыру.
Тексеруші: ДТІЖО Исмагулова Г.У.
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ-де сыбайлас жемқорлық қаупін сейілту және әдептілік-адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылды:
- 2020ж 28.08 күнгі №2 педагогикалық кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдептілік мәдениетін қалыптастыру комиссиясы құрылды.
- 2020ж 28.08. күнгі №20 педагогикалық кеңестің шешімімен 28.08.2020 ж күнгі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдептілік мәдениетін қалыптастыру комиссиясын құру туралы» №268 бұйрығы бекітілді.
- 10.09.2020 ж күні «Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау туралы» №288 бұйрығы бекітілді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт және педагог емес тұлғаларға қатысты әдептілік кодексі бекітілді.
- 27.08.2020 ж күні «Заңсыз ақша қаражаттарын жинауға тыйым салу туралы» №263 бұйрығы бекітілді.
- Мектептің 2020-2021 оқу жылына бекітлеген тәрбие жоспары бойынша мына тәрбиелік шаралар іске асырылады:
- Педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға арналған құқықтық жаппай оқыту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды қамтамасыз ету.
- «Қоғамдық тәртіп негіздері» (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағыты) пікірталас практикум
- «Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұруға болады?» үздік сынып сағаты. Байқау
- «Бала құқығы-адам құқығы» Онкүндік
- «Сенім. Адалдық» асханадағы сенім акциясы
- «Жемқорлық құқық бұзушылықтың картасы». Жобалар байқауы
- «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал қызмет» Шығармалар байқауы.
- «Жақсы деген немене, жаман деген немене» театрлық қойылым
- «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» Бейнероликтер байқауы.
Мектептің бірінші қабатында «Парасатты азамат» тақырыптық бұрышы орналасқан.
Білім алушының ата-аналарынан және заңды өкілдерінен заңсыз ақша жинау фактілерінің алдын-алу жұмыстары күшейтілген. Заңсыз түрде ақша жинамау мақсатында оқушылар мен ата-аналар үшін ұйымдастырылған сенім телефоны туралы ақпарат бірінші қабаттағы ақпараттық стентке ілініп, «Сенім жәшігі» жұмысы қадағаланады. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық және қылмысқа жол берген барлық айғақтардың алдын-алу бойынша тиісті деңгейде төмендегі шаралар ұйымдастырылуда.
Мектепшілік ата-аналар жиналысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыптары қарастырылады. «Тәртіпті бола аласың ба?», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Нөлдік төзімділік» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Оқушыларға арналған қалалық, облыстық, республикалық ақылы интеллектуалдық және шығармашылық сайыстарға мектеп оқушылары тек ата-аналарының қалауымен ғана қатыстырылып, сайысқа қатысу үшін төленетін ақша тек арнайы есеп шотқа ата-аналар арқылы ғана жіберіледі.
Оқушылардың тәртібінде ауытқулар болмас үшін, рухани-этикалық нормаларға, құқықтық қалыптастыру жолдары мен тәсілдері құқықтық оқыту шеңберінде ата-аналарға отбасы және өскелең үрпақты тәрбиелеу заңдарының негіздерінде беріледі.
Мектепте тұрмыстық зомбылықтың алдын-алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы және құқықбұзушылықты алдын-алу сұрақтары,кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, ата-аналар қоғамы арқылы өзара байланыс жұмыстары күшейтілген.
2020-2021 оқу жылының бірінші жартысында қалалық құқықтық және сыбайлас жемқорлық тақырыптарындағы «Заңды білу – табысқа жол» қалалық сырттай байқауына қатысып, видео номинациясы бойынша Қайыркенова Асия 3 орынға ие болды. Осындай байқауларға үнемі Хамит А, Камбарова К үнемі атсалысып отырады.
Шешім:
- Мектепшілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыру жалғастырылсын. (жыл бойы, Г.У.Исмагулова)
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысының тиімділігін анықтау мақсатында 5-11 сынып білім алушылары арасында сауалнама жүргізілсін. (наурыз, Г.У.Исмагулова)