13.03.2019 жылы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі»ММ ұйымдастыруымен қалалық «Ғасырлар үні» балалар шығармашылық байқауы «Мирас» мәдениет үйінде өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты қазақ халқының халық әндері мен ұлттық аспапты өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады.
Әділ-қазылар алқасы:
-Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-сазгер – Қалибек Деріпсалдин
– «Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы орталығы» КМҚК әншісі, Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты, белгілі жыршы-термеші Абзал Алпыс Нағашыбекұлы
-Қостанай облысының мәдениет үйлері орталығының көркемдік жетекшісі , Республикаға танымалы айтыскер Утелбаева Салтанат Амантаевна
-Қостанай педагогикалық колледжінің музыка кафедрасының оқытушысы Бактыгалиев Айдынгали Кадырович
-«Наш Костанай» газетінің директоры, бүгінгі іс-шарамыздың демеушісі Ғазиз Мешит
Байқауға қатысқан мектептер:№2 ЛИЦЕЙ,№3 МГ,№4 ОМ,№5 ОМ,№7 ОМ,№8 ОМ,№9 ОМ, №10 ОМ,№11 ОМ,№16 ОМ,№20 ОМ, №21 ОМ, №24 МГ, ,№122 ОМ,№115 ОМ,№30 ОМ,ГМГ,ГСМ,ФМЛ.
Байқау нәтижелері:
Халық әнін орындау (кіші топ):
1 орын –Сапарбекова Камила (№9 ОМ)
2 орын-Сомтемирова Аружан (№24 МГ)
3орын—Нағашыбай Нұра (№20 ОМ)
Халық әнін орындау (ересектер тобы):
1 орын-Сармурзина Рамина (ГМГ)
2 орын-Мендыгалиев Валихан (№8 ОМ)
3 орын-Мырзабек Мади (№20 ОМ)
Ұлттық аспаптарда жеке орындау (кіші топ):
1 орын-Утимисов Турар (№20 ОМ)
2 орын-Санай Санжар (№24 МГ)
3 орын-Мырзагелдіқызы Асем (№9 ОМ)
Ұлттық аспаптарда жеке орындау (ересектер тобы):
1 орын-Алтайқызы Аяжан (№10 ОМ)
2 орын-Махметова Дильназ (№115 ОМ)
3 орын-Саар Милана (№122 ОМ)
Ұлттық аспаптарда топпен орындау (кіші топ):
1 орын-«Балдаурен» ансамблі (№24 МГ)
2 орын-«Мәриям ұрпақтары» ансамблі(№20 ОМ)
3 орын-«Жас толқын» ансамблі(№10 ОМ)
Ұлттық аспаптарда топпен орындау (ересектер тобы):
1 орын-№20 мектеп ансамблі (№20 ОМ)
2 орын-«Жастар» ансамблі(№10 ОМ)
3 орын-Кужемратова Айдана, Ахматгалина Альбина (№20ОМ)
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дипломант атанса, жеңімпаздарға «Наш Костанай» газет редакциясы ұсынған ақшалай сыйлық және 1 орын иегері Утемисов Тұрар «Шаңырақ» ұлттық заттар орталығы ұсынған домбыра табысталды.