Кездесу барысында психолог Александра Монько балаларға өздерінің психикалық және психологиялық денсаулықтары туралы көп ақпарат беріп , балалармен өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Балалар өз сұрақтарын қойып, ашық әңгіме-диалог жүргізді.



Мектебіміздің жантанушылары 8 желтоқсанда онлайн форматта «Synergy» ОФ ғылыми-білім орталығының ұйымдастырылуымен өткен «Мен өмірді таңдаймын» жобасы аясында «Біздің өміріміздегі эмоциялар» тақырыбы бойынша тренингіне қатысты. Тренингті өткізген психолог Владимир Алексанин. Жантанушылар өз білімдерін толықтырып, практикалық тәжірибе алды.


