Мектебімізде қаңтар айында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Жасөсіпірімдермен жұмыс»,»Білімнің маңыздылығы, ата-аналардың балаларын білімге ынталандыруы»,»Мамандық таңдаудағы ата-аналардың психологиялық қолдауы» тақырыптары төңірегінде кездесу өтті. Кездесу «Сенімен болашақ» атты қоғамдық ұйымының мүшелері Гульжан Жақсылыққызы мен Базаркүл Қапарқызы, психолог маман ата-ана мен бала арасындағы мәселелерге тоқталып, ата-аналармен сұхбат жүргізді. Тақырыптар төңірегінде теориялық ақпараттар беріліп, проблемалық жағдаяттар талқыланды.

